HomeBlogЖаңалықтарСоллаль мерекесі аталып өтті

Соллаль мерекесі аталып өтті

28 ақпанда Қарағанды облысының Достық үйінде «Қарағанды облысының кәрістер этномәдени бірлестігі» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл — Соллаль мерекесіне арналған концерт өтті. Іс-шара аясында кәріс халқының ұлттық билері, әндері мен музыкалық қойылымдары ұсынылды. Мерекелік кеш этносаралық келісімді нығайтуға және мәдени диалогты дамытуға бағытталды.