HomeBlogЖаңалықтар«Сарыарқа — достық аймағы»

«Сарыарқа — достық аймағы»

этножурналистер арасындағы облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 1.1. «Сарыарқа – достық аймағы» этножурналистердің шығармашылық байқауын өткізу туралы осы Ереже (бұдан әрі – Байқау) бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында әзірленді. Байқау облыстағы этномәдени бірлестіктердің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге, бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын насихаттауға, сондай-ақ түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оның мәртебесін арттыруға бағытталған.
    1.2. Осы Ереже конкурсты өткізу тәртібін және жеңімпаздарды таңдау критерийлерін айқындайды. 1.3. Байқауды ұйымдастырушы – Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
  2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 2.1. Байқаудың мақсаты – өңірлік этножурналистиканың дамуына ықпал ету, Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктерінің жұмысын жариялап, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға атсалысқан дарынды журналистер мен блогерлерді ынталандыру. 2.2. Байқаудың мақсаттары:

1) этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениетаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

2) көп этносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің озық үлгілерін ақпараттық кеңістікте насихаттау;

3) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету сапасын арттыру

  1. Байқауға қатысушылар 3.1. Байқауға Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, республикалық БАҚ-тың Қарағанды облысындағы меншікті тілшілері, Қарағанды облысының аумағында жұмыс істейтін блогерлер қатыса алады. 3.2. Байқауға қатысуға өтінімдер беруді БАҚ редакциялары, сондай-ақ журналистер мен БАҚ қызметкерлері, блогерлер дербес жүзеге асырады.
  2. Байқау басшылығы 4.1. Ұйымдастырушы Байқауға жалпы басшылықты жүзеге асырады. 4.2. Ұйымдастырушы:
  • осы Ережені бекітеді;
  • қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
  • байқаудың барлық рәсімдерін өткізу және байқау жеңімпаздарын марапаттау тәртібін айқындайды және қамтамасыз етеді;
  • байқау туралы хабарландыру ақпаратты www.kelisim.kz порталында орналастырады, оның нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды. 4.3. Байқау жеңімпаздарын анықтау шеңберінде Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпаратты сұратуға құқылы. 4.4. Байқау жеңімпазын қазылар алқасы анықтайды. Байқау қорытындысы қазылар алқасы отырысының хаттамасымен бекітіледі.
  1. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі 5.1. Байқауға қатысу үшін материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады, баспа және электронды БАҚ (веб-сайттар, телеарналар, радиоарналар), әлеуметтік желілерде жарияланады. 5.2. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
  • «Шығармашылық шеберлігі үшін» — қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін, Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктерінің қызмет бағыттарын ашуға арналған үздік басылым;
  • «Бірегейлігі мен креативтілігі үшін» — этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге, этномәдени бірлестіктердің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ бейбітшілік пен келісім құндылықтарын креативті түрде дәріптеу арқылы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған үздік материал;
  • «Ақпараттық қолдаудағы белсенділігі үшін» – этносаралық қатынастарды нығайтуға, этностардың интеграциясына және азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған үздік ақпараттық қолдау. 5.3. Байқауға қатысу үшін:

-Қатысушылар өтінімдерді осы Ережеге сәйкес материалдарды қоса бере отырып, 2026 жылғы 18 маусымға дейін Қарағанды қаласы, Шахтеров даңғылы, 64 мекенжайы бойынша Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Ұйымдастырушысына жібереді.

5.4. Ұйымдастырушыға өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін немесе Байқау талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды.

5.5. Байқауға жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.

5.6. Жеңімпаздарды марапаттау 2026 жылдың 26 маусымына жоспарланған.

  1. Байқаудың іріктеу критерийлері: 6.1. Материалдың сайыс тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі. 6.2. Тақырыпты толық ашу. 6.3. Автордың шығармашылық көзқарасы, материалдың ерекшелігі мен бірегейлігі. 6.4. Материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен сенімділігі. 6.5. Автор көтерген мәселелердің әлеуметтік мәні. 6.6. Этносаралық қатынастар саласында терминологияны дұрыс қолдану.
  2. Байқаудың өтінімді рәсімдеу талаптары: 7.1. Әрбір қатысушы осы Регламентке қосымшаға сәйкес тек 1 (бір) өтінім бере алады.
    7.2. Өтінімге қосымша:
  • материалдардың авторы туралы қысқаша өмірбаяндық мәліметтер;
  • материалдар авторының 3 түрлі, көркем фотосуреті;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар. 7.3. Бір автор 2025 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған бес материалдан аспайтын материалды ұсына алады. Әртүрлі жанрдағы материалдар (эсселер, сұхбаттар, мақалалар, теле-радио хабарлары, әлеуметтік зерттеулер және т.б.), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар циклдері қабылданады.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі материалдар түпнұсқада (толық шығарылымы жақсырақ) немесе материалдың фотокөшірмелерінде (жарияланған күнін, автордың толық байланыс ақпаратын көрсете отырып), радиобағдарламалар мен телебағдарламаларда — аудиожазбаларда және бейне жазбаларда ( CD/DVD дискілері/флэш-тасымалдаушы), медианы, әлеуметтік желіні, шығарылым күні мен уақытын көрсетеді.

Байланыс телефоны:
87007565626 Айдана

«Сарыарқа-достық аймағы»
этножурналистика саласындағы байқауға қатысуға
ӨТІНІМ

  1. Қатысушы туралы мәліметтер:
  • Тегі Аты Әкесінің аты;
  • мекен-жайы (облыс, елді мекен);
  • жұмыс орны, лауазымы.
  • байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы;
  • номинация атауы.
  1. Өтінімге дереккөздерге (БАҚ, әлеуметтік желілер) сілтемелері көрсетілген материалдар/жұмыс/жобалар тізімі қоса берілуі тиіс.
  2. Шығармашылық материалдар мен басылымдардың түрлері/форматтары:
  • бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың түпнұсқалары/көшірмелерінде сілтемелер болуы керек;
  • интернет-ресурстардың скриншоттарын басып шығару;
  • DVD, CD, флэш-диск пішіміндегі дискіге теледидар мен радиобағдарламаларды жазу.