Қарағанды облысының Достық үйінде Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында жастар арасында буллингтің, кибербуллингтің және лудоманияның алдын алуға арналған шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың қазіргі әлеуметтік қауіп-қатерлер туралы ақпараттылығын арттыру, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және өзара сыйластық мәдениетін дамыту. Тренинг барысында буллингтің туындау себептері, кибербуллинг пен лудоманияның ерекшеліктері, сондай-ақ олардың адамның психологиялық және эмоционалдық жағдайына тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылардың эмпатиясын дамытуға, сындарлы қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға, өзара қолдау көрсетуге және этносаралық келісім мәдениетін нығайтуға ерекше назар аударылды.
