HomeBlogЖаңалықтар«Отбасы – өмірлік құндылықтардың қайнар көзі» атты студенттермен интерактивті кездесу өтті

«Отбасы – өмірлік құндылықтардың қайнар көзі» атты студенттермен интерактивті кездесу өтті

14 мамыр күні Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Отбасы күніне және Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Отбасы – өмірлік құндылықтардың қайнар көзі» атты студенттермен интерактивті кездесу өтті. “Мәдениетті Ана — мәдениетті Ұлт” жобасы аясында іс-шараға Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Касембаева Гүлнара Қалиқызы мен Қарағанды облысы ҚХА жаныңдағы Аналар кеңесінің мүшелері Құлымбетова Перизат Калиханқызы және Шиллер Марина Васильевна қатысты. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ұрпақ сабақтастығы, патриоттық тәрбие, толеранттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Ашық диалог форматындағы кездесу жастар арасында бірлік пен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды.