HomeBlogЖаңалықтар«Наурызнама» онкүндігі аясында «Қайырымдылық күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді

«Наурызнама» онкүндігі аясында «Қайырымдылық күніне» орай мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясы өткізілді

«Наурызнама» онкүндігі аясында «Қайырымдылық күніне» орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді. Акция барысында отбасыларға атаулы көмек көрсетілді. Бұл бастама Наурыз мейрамының маңызды құндылықтарының бірі болып саналатын мейірімділік, өзара көмек және қоғамдық ынтымақтастық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған. Аналар кеңесінің өкілдері мұндай отбасыларды қолдау және олардың қажеттіліктеріне назар аудару қоғамдық қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.