HomeBlogЖаңалықтарМ.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында “Салауатты сана” жобасы аясында оқушылармен диалогтық жүздесу өтті

М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында “Салауатты сана” жобасы аясында оқушылармен диалогтық жүздесу өтті

2026 жылғы 18 мамыр күні М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында Қарағанды облысы ҚХА жаныңдағы Аналар кенесінің төрағасы Қиясова Айжан Қазимирқызы “Салауатты сана” жобасы аясында оқушылармен диалогтық жүздесу өткізді. Іс-шара этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге, сондай-ақ оқушылар арасында толеранттылық, өзара құрмет қағидаттарын қалыптастыруға және мәдени әртүрлілікті сақтауға бағытталды. Рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, отбасылық дәстүрлерді нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында, іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтті.