Бұл – бір шаңырақтың астында 11 баланың басын біріктіріп, оларға мейірім мен қамқорлық көрсетіп отырған өнегелі отбасы. Балалардың бесеуі – асыранды. Отбасының әр баласына бірдей көңіл бөліп, олардың тәрбиесі мен болашағына жауапкершілікпен қарауы – адамгершілік пен отбасы құндылықтарының биік үлгісі. Игі шараға Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Г.К. Касембаева, «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Ионо Тварионас және «Новое телевидение» телеарнасының директоры Руслан Иосифович Никонович қатысты.

«Мектепке жол» акциясы – балаларға қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы мейірімділік, жанашырлық пен өзара қолдаудың маңызын айқындайтын игі бастама. Осындай ізгі дәстүр жыл сайын жалғасын тауып келеді. Алдағы уақытта да бұл бастама өз жалғасын тауып, балалардың қуанышы мен отбасыларға көрсетілер қолдау арта берсін. Балаларға жаңа оқу жылында толағай табыс, сапалы білім, жарқын жетістіктер тілейміз! Әр шаңырақта бала күлкісі, береке мен бірлік салтанат құрсын!