Наурызнама онкүндігі аясында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бирлик» өзбек этномәдени орталығының бастамасымен Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау атындағы мешітте қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету және қоғамда қайырымдылық құндылықтарын насихаттау болды. Акция барысында этномәдени бірлестік мүшелері 80 аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады. Көрсетілген көмек тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы өзара көмек пен бірлік мәдениетін нығайтуға бағытталды.





