HomeBlogЖаңалықтар«Ақпараттық қоғам жағдайындағы социомәдени динамика» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Ақпараттық қоғам жағдайындағы социомәдени динамика» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Ақпараттық қоғам жағдайындағы социомәдени динамика» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, өңірлік ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ студент жастар қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – ақпараттық қоғам жағдайында орын алып жатқан әлеуметтік және мәдени өзгерістерді талқылау, заманауи әлемдегі трансформациялық үдерістерді ғылыми тұрғыдан зерделеу және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу. Іс-шара барысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту, ақпараттық қоғамның әлеуметтік-мәдени кеңістікке ықпалы, сондай-ақ жаһандық өзгерістердің қоғам өміріне әсері секілді өзекті мәселелер қарастырылды. Конференция қорытындысы ғылыми қауымдастық пен қоғамдық институттар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап беретін ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.