
Іс-шараға Қарағанды облысы Аналар кеңесінің мүшесі Марина Васильевна Шиллер, облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Индира Жанұзаққызы Токмурзина, сондай-ақ аудандық комиссия, Қамқоршылық кеңесі және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесуде отбасылық тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар отбасы институтын нығайту және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.