HomeBlogНовости«Ұлы Жеңіс: Бірлік жеңіске жетеледі»

«Ұлы Жеңіс: Бірлік жеңіске жетеледі»

«Ұлы Жеңіс: Бірлік жеңіске жетеледі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту ғана емес, сол Жеңісті жақындатқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін құрметтеу, олардың есімдерін мәңгі есте сақтау және жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық рух дарыту болды.

Іс-шараға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылым өкілдері, ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, әскери қызметшілер мен жас сарбаздар қатысты.

Шарада ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары В.А. Хмелевский, Аналар кеңесінің төрайымы А.К. Қиясова және «Қарағанды еврей мәдени орталығы» бірлестігінің төрағасы В.Б. Молотов-Лучанский сөз сөйлеп, өткенге тағзым етумен қатар, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің құндылығын ұғындырудың және тарихтан тағылым алудың маңыздылығына тоқталды.
Бұл бас қосу Жеңісті ортақ мұра еткен халықтың ұрпағы үшін мағыналы әрі тәрбиелік мәні зор тағылымды жиын болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *