HomeBlogНовости «Бірлік жүгірісі – 2025»

 «Бірлік жүгірісі – 2025»

Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік жүгірісі – 2025» марафоны өтті.
Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және волонтерлік ұйымдар, сондай-ақ спорт қауымдастығы мүшелері,қала тұрғындарын қосқанда 1000- нан астам адамдар қатысты .
Іс-шара қатысушыларын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә.Ү.Әлденей құттықтап, мұндай шаралардың қоғамдық бірлікті нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.
Одан соң құттықтау сөз алған қадірлі меймандар арасында ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері А.Г.Степаненко , облыстық «НамусКZ» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы
Г. В.Рзаев, “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы У.Х.Джанаев болды.

Бұл жүгіріс тек спорттық шара ғана емес, достықтың, өзара түсіністік пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды.

Мәре сызығын кесіп өткен әрбір қатысушыға естелік медальдар мен марафонның белгісі ретінде брендтік сөмкелер табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *