HomeBlogНовостиҚарағанды медициналық университетінде қаладағы алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы.

Қарағанды медициналық университетінде қаладағы алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы.

2025 жылғы 18 наурызда Қарағанды медициналық университетінде қаладағы алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті.
Шара «Біз — әртүрліміз, біз — теңбіз, біз — біргеміз!» XII студенттік фестивалі аясында өтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қарағанды медициналық университетінің 75 жылдығына арналды.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, Қарағанды медициналық университеті басқарма төрағасының м.а. Виктор Риклефс, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары — Республикалық студенттер Ассамблеясының басшысы Александр Урмашов, университет басшылығы, студенттер және облыстық ҚХА мүшелері қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімі аясында, қатысушылар мен қонақтар «Бауырсақ-fiesta» студенттер фестиваліне қатысып, симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *