HomeBlogЖаңалықтарҚарағанды облысының Достық үйінде медиация бойынша үш күндік оқыту курсы өтті

Қарағанды облысының Достық үйінде медиация бойынша үш күндік оқыту курсы өтті



Бүгін «Қазіргі қоғамдағы этносаралық қатынастардағы келіспеушіліктердің алдын алу» тақырыбындағы үш күндік курсы өтті. Іс-шара «Медиация институтын, оның ішінде этномедиацияны дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Интенсивтің басты мақсаты – қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, жанжал жағдайларының алдын алу жолдарын меңгерту, этносаралық коммуникация дағдыларын дамыту және даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеудің тиімді тетіктерін үйрету.

Спикер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология бойынша философия докторы PhD, «Bolashaq» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Дана Саламатқызы Асакаева сөз сөйледі.

Өзінің білімімен, кәсіби тәжірибесімен және практикалық жұмыс барысында жинақтаған бірегей әдіс-тәсілдерімен Шакимова Лола Сергеевна бөлісті. Ол – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы подполковнигі, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, БҰҰ-ның Орталық Азияның шекаралас өңірлеріндегі тәуекел топтарын профильдеу мәселелері жөніндегі сарапшы-психологы, педагогика және психология магистрі.

Өз білімдері мен мол тәжірибелерін қатысушылармен жетекші сарапшылар бөлісуде: Руслан Алтаевич Токатов – Республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тренері, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, кәсіби медиатор және сертификатталған тренер; Полтаренко Дмитрий Сергеевич – Қарағанды облысының Медиация кеңесінің төрағасы, «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Согласие» орыс этномәдени орталығы» қоғамдық қорының төрағасы, Қарағанды облысындағы МРО басшылары клубының модераторы, кәсіби медиатор және сертификатталған тренер; Серик Куатович Тлекбаев – «Әлеуметтік үдерістерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, заңгер-дінтанушы, Қарағанды облысының Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор.

Оқытудың қорытынды күнінде «Этносаралық қарым-қатынастың жеке стилі» тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар көпэтносты ортадағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерін қарастырып, келіспеушіліктердің алдын алудағы жеке қасиеттер мен тиімді коммуникациялық тәсілдердің маңызын талқылады.