HomeBlogЖаңалықтар«Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттерімен тағылымды кездесу өтті.

«Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттерімен тағылымды кездесу өтті.

Кездесуде Қарағанды облысы Аналар кеңесінің төрайымы Айжан Қиясова және өңірлік Медиация кеңесінің мүшесі Гүлмира Отыншина спикер ретінде сөз сөйледі. Кездесудің негізгі өзегі – отбасылық құндылықтар, ата-ана мен аға буынды құрметтеу, неке мен отбасы мәселелеріне саналы көзқарас, бала тәрбиесі және жеке жауапкершілік тақырыптары болды. Спикерлер отбасының жас адамның тұлға болып қалыптасуындағы маңызды рөліне және қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызына тоқталды. Отбасында қалыптасатын өзара құрмет, түсіністік пен жауапкершілік адамдар арасындағы сенімнің негізіне айналып, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді. Кездесу барысында жастардың өміріндегі маңызды кезеңдер талқыланып, жаңа мүмкіндіктермен қатар өзіне, отбасына және қоғамға деген жауапкершіліктің де артатыны айтылды. Мұндай кездесулер жастардың отбасылық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.