HomeBlogЖаңалықтарҚарағанды облысының Достық үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өткен «Сарыарқа – достық аймағы» облыстық этножурналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Қарағанды облысының Достық үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өткен «Сарыарқа – достық аймағы» облыстық этножурналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқау қоғамдық келісім, жалпыұлттық бірлік, этносаралық татулық пен мәдениетаралық диалог құндылықтарын насихаттап жүрген журналистердің еңбегін қолдауға бағытталған. Биыл байқауға өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері мен блогерлерден 14 өтінім келіп түсті. Қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасы тарапынан мазмұны, өзектілігі, шығармашылық ерекшелігі және әлеуметтік маңыздылығы бойынша бағаланды. «Ақпараттық қолдаудағы белсенділігі үшін» – «Новое телевидение» телеарнасы;

«Бірегейлігі мен креативтілігі үшін» – Жаннұр Сүндетуллақызы Елубаева («SARYARQA» телеарнасы);

«Шығармашылық шеберлігі үшін» – Наталья Андреевна Фомина («Индустриальная Караганда» газеті);

Арнайы «Алтын мұра» номинациясы – Жақан Әлімжан Құтжанұлы.

Жеңімпаздарды Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рахметоллаұлы Бикенов, қазылар алқасының мүшелері, Қарағанды облысы Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қазимирқызы Қиясова және «Ұмырзая» татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Рустам Равильевич Бузяков марапаттады. Барша жеңімпаздарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!