HomeЭтномедиация кеңесі

Этномедиация кеңесі

 Этномедиация кеңесінің мақсаты – этносаралық шие-леністердің алдын алу, ерте ескерту шараларын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ инциденттер мен этносаралық қақтығыстарды реттеу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу. Төраға Дмитрий Сергеевич Полтаренко – кәсіби медиатор, қоғамдық пікір көшбасшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында айтылған тапсырмаға сәйкес, этномедиация саласында Ассамблея қызметін жан-жақты қолдау және «Елдесу және татуласу» жобасын кеңейту қажеттілігіне орай, Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық үйінде жұмыс істейтін этносаралық қатынастар саласындағы Медиация орталығы қоғамдық келісімді нығайтуға, межэтностық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және түрлі этнос өкілдері арасындағы күнделікті диалог мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Медиация орталығы — өңірдегі этносаралық жанжалдардың алдын алу, реттеу және шешу, сондай-ақ өзара түсіністікті нығайту мен этносаралық әлеуметтік қатынастарды үйлестіруге арналған мамандандырылған алаң. АНК этномедиаторларының үш деңгейлі тізіліміне арнайы оқытудан өткен ауылдық округ әкімдері, учаскелік инспекторлар, ЭКО мүшелері және қоғам қайраткерлері енгізілген. Олардың көпшілігі этносаралық негіздегі даулардың алдын алу және оларды реттеу бойынша іс-шараларда алған білімдерін белсенді қолдануда.

Координация және сараптамалық қолдауды АНК мүшелері, қоғам және дін қайраткерлері, кәсіби медиаторлар, психологтар, құқық қорғау органдары өкілдері, ғалымдар және этномәдени ерекшеліктерді ескере отырып, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу әдістеріне арнайы дайындықтан өткен этномедиаторлар кіретін Этномедиация кеңесі жүзеге асырады.

«Елдесу және татуласу» жобасының міндеттері және бірлескен қызметті үйлестірудің өзекті мәселелері республикалық Этномедиация кеңесінің мүшесі Р.А. Токатов және Қарағанды облысының Этномедиация кеңесі мүшелерінің жұмыс кездесуінде талқыланды. Кездесуде жастарды этномедиациялық бастамаларға тарту мәселесіне ерекше назар аударылды, бұл — ұлтаралық диалог пен қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды бағыты.

Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қарағанды облысының Этномедиация кеңесінің төрағасы Дмитрий Сергеевич Полтаренко Ұлытау облысы Этномедиация кеңесінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында бірлескен жұмыс, тәжірибе алмасу, медиаторлардың біліктілігін арттыру және елдің мәдени әралуандығы жағдайында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кеңес жұмысы барысында білім беру, медициналық және мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып, семинарлар, мастер-кластар және тақырыптық кездесулер жүйелі түрде өткізіліп келеді. Өңірде этносаралық келісімді нығайтуға, диалог мәдениетін ілгерілетуге және бірлік құндылықтарын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.