HomeҒылыми-сараптамалық топ

Ғылыми-сараптамалық топ

Ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі: Молотов-Лучанский Вилен Борисович — медицина ғылымдарының докторы, профессор.ҒСТ-ның сапалық құрамына барлығы 20 ғалым кіреді: оның ішінде ғылым докторлары — 4, ғылым кандидаттары — 11, ғылым магистрлері — 5.

Ғылыми-сараптамалық топтың негізгі міндеті – еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани жаңғыру үдерістерінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары мен мемлекеттік саясатын қолдау және осы бағыттағы іс-шараларды өткізу мен оған қатысу арқылы жүзеге асыру.

Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық бағытының негізгі жобалары:

 • Облыстық ҚХА ҒСТ мүшелерінің сараптамалық кездесулері;

 • «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы;

 • Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елтану» тарихи-танымдық экспедициясы;

 «Бейбітшілік пен келісім жолында» жобасын іске асыру;

 • Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өтетін «Ұлы даланың — ұлтаралық тілі» форумы.

ҒСТ құрамындағы сарапшылардан мемлекеттік саясат пен Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалары, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ілгерілету бағытындағы бастамаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат тобы жасақталды.

Ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері жыл сайын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми еңбектер жариялайды.