HomeАналар кеңесі

Аналар кеңесі

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ

Қиясова Айжан Қазимирқызы – 09.04.1977 жылы туған, «PORTUS» ЖШС директоры, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның төрайымы.

Марапаттары:

ҚР Президентінің, ҚР Мәдениет министрлігінің,

Қарағанды облысы әкімінің,

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Алғыс хаттары

Белсенділік деңгейі жоғары

•Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесі 2013 жылы құрылған.

•Облыстың барлық қалалары мен аудандарында филиалдары мен өкілдіктері бар.

•Кеңес мүшелерінің саны – 20 адам.

•Аналар кеңесінің міндеті — отбасы және ана институтын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша шараларды іске асыру.

•Кеңес — қоғамдық құрылым, ҚХА-ның консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

•Негізгі жобалар: қайырымдылық, көпбалалы отбасыларға көмек.

•Байланыс телефоны: 8 778 398 45 03

•Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64, 218-каб. (Достық үйі)