30 қазан күні Түркияның Стамбул қаласында өткен “İstanbul Art” халықаралық фестиваль-байқауында Қарағанды облысының намысын абыроймен қорғаған Абай ауданының «Русалица»славян этномәдени орталығының вокалдық халық ансамблі жеңіске жетіп,1-орын иеленді. Байқауға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Грузия, Иран, Беларусь, Түркия, Өзбекстан елдерінің өнер ұжымдары қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – халықтар достығын нығайту, түрлі елдер мен қалалардан келген шығармашылық ұжымдар арасында тығыз байланыс орнату болды.

