Салтанатты шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде облыс әкімі ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұл мерекенің әрбір қазақстандық үшін тарихи мәнге ие екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Тәуелсіздік декларациясы Қазақстанның егемен ел ретінде даму жолындағы шешуші тарихи құжат болғанын атап өтті. Аталған іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға, елдік бірлікті нығайтуға және отансүйгіштік рухты көтеруге бағытталған маңызды оқиға болды.







