HomeBlogЖаңалықтарОтбасылық құндылықтарды нығайту және насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің қорытынды салтанатты рәсімі барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің бастамасымен өткізілген «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» және «Азамат тәрбиеленген отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Отбасылық құндылықтарды нығайту және насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің қорытынды салтанатты рәсімі барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің бастамасымен өткізілген «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» және «Азамат тәрбиеленген отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Аталған конкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды және қоғамдағы бірлік, ұрпақтар сабақтастығы мен жастардың адамгершілік тәрбиесін нығайту ісіне маңызды үлес қосты. Іс-шараның құрметті қонағы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы Шанаи болды. Сондай-ақ шараға Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Нүркен Сайфиддинұлы Қобжанов және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Қайсаұлы Таурбеков қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

«Алтын шаңырақ» номинациясы – Ақтоғай ауданынан Мұқашевтар отбасы;

«Күміс кереге» номинациясы – Нұра ауданынан Мұқаналиевтер отбасы;

«Азамат тәрбиеленген отбасы» номинациясы – Балқаш қаласынан Алғамжановтар отбасы. Жеңімпаздарға дипломдар, естелік ленталар, фотоальбом және «Жосалы» шипажайында сауықтыру демалысына арналған сертификаттар табысталды.