HomeBlogЖаңалықтарБүгін Қарағанды облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, «Дакия» румын мәдени қоғамының 20 жылдығына, Рухани келісім күніне және Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында»Toamna de aur» («Алтын күз») румын фольклорының фестивалі өтті.

Бүгін Қарағанды облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, «Дакия» румын мәдени қоғамының 20 жылдығына, Рухани келісім күніне және Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында»Toamna de aur» («Алтын күз») румын фольклорының фестивалі өтті.

Фестиваль түрлі этностардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, мәдениет қайраткерлері мен өңір тұрғындарын біріктіріп, Қазақстанның мәдени әртүрлілігінің нағыз символына айналды. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Руфина Қасымқызы Усанова Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілхановтың құттықтау сөзін оқыды. — Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім»КММ директоры Гүлнара Қалиқызы Касембаева Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдолұлы Бөлекпаевтың құттықтау сөзін оқыды.

Құттықтау сөздерімен Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маделина Лупу ханым; — Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Штефан Горда мырза; — «Дакия «румын мәдени қоғамы» ҚБ төрағасы Виорика Николаевна Ненахова сахнаға шықты. Өз сөздерінде олар мәдени диалогтың, этникалық дәстүрлерді сақтаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық келісімнің бірегей алаңы ретіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті. Фестиваль румын, Молдова және қазақстандық дәстүрлерді біріктіретін мәдениеттердің нағыз көпіріне айналды.