
Қарағанды облысы ҚХА ақсақалдар кеңесі — Алтынбеков Бекзат Комарұлы
Ақсақалдар кеңесі туралы жалпы мәлімет және міндеттері
Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі — бұл кеңес кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Кеңестің құрамы жергілікті қауымдастық тұрғындары, қоғамдық, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері мен басқа да қоғам белсенділері қатарынан қалыптастырылады.
Кеңестің міндеттері
— мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде азаматтарды біріктіруге жәрдемдесу;
— азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникация мен өзара іс-қимылды нығайту;
— мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
— патриотизм идеяларын ілгерілету және жастар арасында отансүйгіштік тәрбиені дамыту;
— мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық даулардың алдын алу, оларды шешу және постконфликтілік реттеу шараларында көмек көрсету;
— этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша диалог ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
— жастар арасында тәлімгерлік тәжірибесін енгізу және жетілдіру, қоғамды біріктіру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жолға қою;
— халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
Қарағанды облысы ақсақалдар кеңесінің Ережесі
Ереже
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының
Ақсақалдар кеңесі туралы
1. Жалпы ережелер
Осы Ақсақалдар кеңесі туралы ереже
(бұдан әрі – Ереже) Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңестерінің қызметін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
Қалалар мен аудандарда, ауылдық округтер мен ауылдарда Кеңес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері жанынан құрылады.
Кеңестің құрамы жергілікті қауымдастық тұрғындары, қоғамдық, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері мен басқа да қоғам белсенділері қатарынан қалыптастырылады.
Облыстық Кеңестің құрамын Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік кеңесі бекітеді, ал қалалар, аудандар, ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері бекітеді.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Кеңес мүшесі Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс және ол облыс, қала, аудан, ауылдық округ немесе ауыл аумағында тұрақты тұруы қажет.
2. Кеңестің міндеттері
Кеңестің негізгі міндеттері:
— мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде азаматтарды біріктіруге жәрдемдесу;
— азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникация мен өзара іс-қимылды нығайту;
— мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
— патриотизм идеяларын ілгерілету және жастар арасында отансүйгіштік тәрбиені дамыту;
— мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық даулардың алдын алу, оларды шешу және постконфликтілік реттеу шараларында көмек көрсету;
— этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері бойынша диалог ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
— жастар арасында тәлімгерлік тәжірибесін енгізу және жетілдіру, қоғамды біріктіру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жолға қою;
— халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ету.
3. Кеңестің өкілеттіктері
Кеңестің өкілеттіктері мыналар болып табылады:
— жергілікті қауымдастықтардағы қоғамдық және тұрмыстық қатынастарды зерделеу, халықтың өзекті және проблемалық мәселелерін анықтау;
— мемлекеттік органдар мен жергілікті қауымдастықтардың қоғамдық және тұрмыстық мәселелер бойынша ортақ шешімдерді табуына жәрдемдесу;
— жергілікті қауымдастықтардың мүдделерін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда білдіру;
— жергілікті қауымдастықтар мен азаматтардың мемлекеттік, құқық қорғау, білім беру және өзге де органдардың (ұйымдардың) өкілдерімен заңдылықты сақтау, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
— азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құрылымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
— азаматтарға қоғамдық маңызы бар және жеке мәселелер бойынша кеңес беру көмегін ұйымдастыру және көрсету;
— азаматтардың жалпы мәдениетін, әсіресе жастардың мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға қатысу;
— мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тілі және біріктіруші негіз ретінде ілгерілетуге, Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға жәрдемдесу;
— жергілікті қауымдастықтар аумағында қоғамдық бастамаларды дамытуға жәрдемдесу, оның ішінде қайырымдылық, волонтерлік, қоғамдық бақылау, жастар қозғалыстарын қолдау;
— құқық бұзушылыққа бейім азаматтардың, әсіресе отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және әйелдер мен балаларға қарсы бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қоғамдық шараларды ұйымдастыру;
— әлеуметтік немесе этносаралық шиеленістердің күшеюіне жедел әрекет ету, этникалық сипат алуы мүмкін дауларды шешу жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қатысу;
— азаматтарды қабылдау жүргізу;
— азаматтардың қоғамдық маңызы бар және жеке мәселелер бойынша өтініштерін қарауды ұйымдастыру;
— халықпен кездесулер өткізу, бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылау;
— әлеуметтік желілер мен өзге де интернет-ресурстарда қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ақпараттық материалдар мен жазбалар жариялау;
— республикалық және (немесе) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар (материалдар) жариялау және теледидарда немесе радио арқылы Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сөз сөйлеу;
— Кеңестің міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынымдар енгізу.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Кеңестің жоғарғы органы – оның отырысы болып табылады.
Отырыста Кеңестің мүшелері ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрағасын сайлайды.
Кеңестің сандық құрамы, төрағаның және Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі Кеңес мүшелерінің шешімімен айқындалады.
Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Кеңестің отырысы оның құрамының үштен екісі және төраға қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
Кеңестің ұсынымдары отырысқа қатысқан мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Кеңес төрағасы:
- Кеңестің қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
- Кеңестің бір күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын бекітеді;
- күн тәртібін анықтайды және Кеңес отырысының хаттамасына қол қояды;
- Кеңес отырысының, азаматтарды қабылдаудың, азаматтардың өтініштерін қараудың, халықпен кездесулердің нәтижелері бойынша ұсынымдарды Кеңестің атынан ұсынады.
Кеңес отырысының, халықпен кездесулердің, құқық қорғау және өзге де органдардың (ұйымдардың) өкілдерімен өзара іс-қимылдың, азаматтарды қабылдаудың және өтініштерді қараудың нәтижелері бойынша Кеңес ұсынымдар әзірлейді және оларды Жұмыс органына ұсынады.
Кеңестің қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.
Облыстық Кеңес төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Ақсақалдар кеңесінің құрамына кіреді.
5. Кеңестің жұмыс органы
Кеңестің жұмыс органы облыс деңгейінде —
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады;
қала, аудан, ауылдық округ немесе ауыл деңгейінде —
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкім аппараты (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.
Жұмыс органы:
— Кеңестің қызметі үшін қажетті ақпаратты, мәліметтер мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады;
— Кеңес мүшелері мен төрағасының қызметін ақпараттық және талдамалық тұрғыда қамтамасыз етеді;
— Кеңес отырыстарына материалдарды дайындауды ұйымдастырады;
— Кеңес мүшелері мен төрағасын отырыстың уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
— Кеңес отырысының хаттамасын ресімдейді;
— Кеңес отырыстарына мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдардың (ұйымдардың) өкілдерін шақырады;
— Кеңестің ұсынымдарын тиісті мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жолдайды;
— Кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесін бекітеді;
— азаматтардың өтініштерін қабылдайды және тіркейді;
— Кеңестің бір жылдық жұмыс жоспарын келіседі;
— Кеңестің жұмыс жоспарының орындалуы туралы жылдық есеп дайындайды;
— Кеңестің ұсынымдарының есебін жүргізеді, оның ішінде олардың орындалуы немесе орындалмауы бойынша;
— облыс, қала, аудан, ауылдық округ немесе ауыл деңгейіндегі Кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді.
Кеңес отырыстары арасындағы кезеңде жедел қызметті жүзеге асыру үшін Жұмыс органы ұйымдастырады:
- Кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдауын;
- азаматтардың қоғамдық маңызы бар және жеке мәселелер бойынша өтініштерін қарауды.
Облыс деңгейінде Кеңестің жалпы қызметін үйлестіру —
«Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі;
қала, аудан, ауылдық округ немесе ауыл деңгейінде —
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдігі жүзеге асырады.
Жұмыс органы азаматтың өтініші тіркелген күннен бастап
1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Кеңестің төрағасы мен мүшелеріне қарауға жібереді.
Кеңес төрағасы мен мүшелері азаматтардың өтініштерін және халықпен кездесулердің нәтижелерін қарағаннан кейін,
Жұмыс органынан өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынымдар әзірлейді.