HomeBlogБез рубрикиТеміртауда Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара өтті

Теміртауда Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шара өтті

Теміртау қаласында “Qarmet” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен және қалалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, рухани бірлікті нығайту және әртүрлі этнос өкілдерінің қазақ мәдениетіне деген құрметін арттыру. Бағдарлама аясында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық композициялар ұсынылып, қатысушылар ұлы ақынның өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Шара барысында этномәдени бірлестік мүшелері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, Қазақстан халқының мәдени алуандығын көрсете отырып, бірлік пен татулықты дәріптеді. Бұл бастама — “Qarmet” АҚ-ның қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлтаралық түсіністік пен мәдени ықпалдастықты дамытуға қосып отырған маңызды үлесінің бір көрінісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *