
Экспедиция құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер бар. Олар Қарағанды және Абай облыстарындағы киелі жерлер мен тарихи-мәдени нысандарды аралайтын болады. Экспедицияның басты мақсаты — болашақ ұрпаққа рухани әрі тарихи бағдар болып саналатын ұлы тұлғалардың есімін сақтау. Абай Құнанбаев — қазақ мәдениетінің, гуманизм мен даналықтың символы. Оның еңбектері ізгілікке, бірлікке және білімге ұмтылуға тәрбиелейді. Нығмет Нұрмақов — бүкіл өмірін халқы мен елінің дамуына арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. «Елтану» экспедициясы — Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың рухына тағзым етіп, қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін тарих пен рухани тәрбиенің тағылымды сабағы болмақ.