
Іс-шараға Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, белсенді жастар, ардагерлер, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері,қала тұрғындары қатысты. Форум — патриотизмді, азаматтық жауапкершілік пен бірлікті паш ететін жарқын алаңға айналды. Қатысушылар Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы екенін атап өтті. Әсіресе, мемлекеттілікті нығайту мен конституциялық құндылықтарды насихаттауда жастардың рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шарадағы жылы атмосфера бірлік рухын, тарихқа деген құрметті және ел болашағына деген сенімді көрсетті.
