Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы Шанаи ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың, Ассамблея мүшелері мен сессияға қатысушылардың алдында қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға, жастарды тәрбиелеуге, ұлттық бірлікті бекемдеуге бағытталған ізгі ниеттер, атқарылған жұмыстар және алға қойған нақты жоспарлар жөнінде атап өтті. Ол өз сөзінде аналар қауымының ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы рөліне, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше тоқталды.
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптеу, көп ұлтты қоғамда толеранттылықты нығайту, балалар мен жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру сынды бастамалар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Аналар кеңесінің аймақтардағы жұмысын жандандыру, қоғамдық бірлік пен келісімді арттыруға бағытталған жобаларды қолдау мәселелері де күн тәртібінде болды. Бұл ұсыныстар қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті одан әрі нығайтуға серпін беретіні сөзсіз.
Айжан Қиясова – Қарағанды облысының Аналар кеңесінің төрайымы
