2025 жылғы 23 сәуір Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы аясында ұйымдастырылған «Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті. Жастар сессиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдағы үздік жастар жобаларын және жастар құрылымдарының негізгі жетістіктерін көрсету мақсатын көздеді. Спикерлер «Ассамблея жастары» ұйымы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде керативті индустрия, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік кеселдерді алдын алу және халықаралық қызмет туралы айтты. Сонымен қатар, ұйымның алдағы жылға арналған дамуының негізгі міндеттері пысықталып, бірқатар азаматтар қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Жоғары марапатқа ие болғандардың қатарында «Ассамблея жастары» РҚБ Қарағанды облысындағы өкілдігінің жетекшісі Александр Николаевич Урмашов бар. Құттықтаймыз!




