HomeBlogНовости«Русалица» халықтық вокалдық тобы «Халық әні» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

«Русалица» халықтық вокалдық тобы «Халық әні» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

Астанада «Бірлік пен келісім жолында 30 жыл» Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында өткен бұл фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Фестивальдің басты мақсаты – Қазақстан халықтарының бай мәдени мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу мен сақтау, сондай-ақ ел азаматтары арасындағы этносаралық келісім мен достықты нығайту болды.
Оған еліміздің әр өңірінен келген үздік шығармашылық ұжымдар қатысып, өз халықтарының ерекше мәдени дәстүрлерін, музыкасын, биі мен вокалдық өнерін ұсынды.
Шараға Қарағанды облысынан Абай ауданының «Русалица» славян қоғамдық этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Русалица» халықтық вокалдық тобы қатысты.
Ұжым өз өңірін лайықты таныстырып, «Халық әні» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.
Ансамбльге 500 000 теңге көлеміндегі сертификат және диплом табыс етілді.
«Русалица» халықтық вокалдық тобын осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық биік белестер тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *