2025 жылғы 26 сәуірде елімізде жалпы республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарағанды облысында кең көлемді сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, жастар ұйымдары және еріктілер белсене қатысып, қоршаған ортаны тазарту ісіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне жүктелген алаңды қыстан қалған қоқыстардан тазартып, санитарлық жағдайды жақсартуға атсалысты. Нәтижесінде, 111 қап тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс алаңдарына шығарылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар халықтың экологиялық санасын арттырып қана қоймай, ел ішіндегі ынтымақ пен азаматтық жауапкершілікті нығайтудың жарқын көрінісіне айналып отыр.






