1 – мамыр күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Достығымыз жарасқан ынтымақ елміз» атты мерекелік концерт болып өтті.
Концерт барысында Қарағанды облысының ҚХА этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етті. Қазақ, орыс, корей, армян, татар, украин, шешен, грек және өзге де этностардың ұлттық мәдениеті көрініс тапқан бұл бағдарлама көп ұлтты еліміздің бай мәдени мұрасын айқын көрсетті.
Мерекелік шара аясында ҚР еңбек сіңірген әртісі, белгілі қобызшы Ғайни Болтаева , «Казачья вольница» ән-би ансамблі, сонымен қатар «Мугунхва» (корей этномәдени бірлестігі), «Танцующая долина» (неміс орталығы), «Берегиня» және «Русалица» сияқты ансамбльдер өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл мерекелік концерт түрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністігі мен құрметі, жалпықазақстандық бірлік — қоғамымыз бен мемлекетіміздің басты құндылықтары екенінің жарқын дәлелі болды.







