HomeBlogНовости«Қайырымдылық керуені» акциясы.

«Қайырымдылық керуені» акциясы.

Армандар орындалады!!!

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қарағанды облысының корей этномәдени бірлестігі» «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Халықаралық дойбы чемпионатына қатысатын жас спортшы,Абай қаласының «Н.Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 9-сынып оқушысы Софья Рынгачқа демеушілік көмек көрсетті.

Бұл іс-шара жастардың талантын қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған орталықтың игі істерінің бір бөлігі болды.

Софья – облысымыздың дарынды спортшыларының бірі. Оның анасы әрі жаттықтырушысы Юлия Александровна Рынгач Қазақстан халқы Ассамблеясына, корей этномәдени орталығына шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдаудың жас спортшылар үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Өңірлік ҚХА жас буынның жетістіктерін қуана қолдап, осындай қайырымдылық бастамаларды жалғастыруға дайын екенін білдіреді. Бұл бастамалар жастарға шабыт беріп, ұлттық бірлік пен достықтың жарқын үлгісі болып табылады.

Біз Софьяға жеңіс тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *