ЕРЕЖЕ

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы (бұдан әрі - Клуб) - Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық және ақпараттық орган болып табылады.
  3. Клуб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, Қазақстан халқының бірлігі Доктринасын, басқа да Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Клуб міндеттері
  5. Клубтың негізгі міндеттері:
  6.  Мемлекеттік төзімділікті, этносаралық, конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал жасау;
  7. Журналистикалық этиканың принциптерін сақтау, дамыту және енгізу, сондай-ақ, этносаралық және конфессияаралық қатынастар тақырыптарын жариялау мәселелерінде журналистік қауымдастықта жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
  8. Азаматтық сәйкестік, патриотизм, этномәдени және конфессияаралық төзімділік туралы материалдардың БАҚ-та шығуын өрістету;
  9. Жалпыұлттық идеялар мен рухани-өнегелік құндылықтарды қоғамдық санада баянды ететін және насихаттайтын позитивті  ақпараттық нәтижелі туындыларды шығаруға көмектесу (телехабарлар, шоу, фильмдер, басылымдар, роликтер және басқалар);
  10. Журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ шетелдік және қазақстандық кәсіби байқауларға Клуб мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ету;

6) Этностық тақырыпқа байланысты түсініктер мен атаулардың БАҚ-та қолданылуын ретке келтіруге себептесу;
7) Клуб мүшелерінің бастамаларын, Клубтың, сонымен қатар, жеке мүшелерінің ақпараттық шараларын қолдап отыру.

  1. Клубтың қызмет ету аясы
  1. Осы Ережемен белгіленген негізгі міндеттерді орындау үшін келесі қызметтерді іске асырады:
  2. мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, этносаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  3. этносаралық және конфессияаралық сипаттағы тақырыптарды биязылықпен қарау жөнінде бұқаралық ақпараттық құралдар үшін ұсынымдар дайындап шығарады;
  4. БАҚ-тағы этносаралық тақырыптардың жарияланымдарына мониторинг жүргізеді;
  5. Конференциялар, семинарлар, баспасөз-конференцияларын, брифингілер және тағы да басқа шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  6. Ақпараттық материалдарды баспа түрде, электрондық тасымалдауыш арқылы, аудио, видео, фото, кино өнімдері түрінде және басқаны дайындап шығарады және таратады;
  7. Демеушілер көмегін тартады, сондай-ақ Заңнамамен шек қойылмаған қызмет түрлерін атқарады.
  8. Клуб құрамы және құрылымы
  9. Клуб төрағасынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады.
  10. Клуб төрағасының, хатшысының және мүшелерінің міндеттерін орындау қоғамдық негізде жүргізіледі.
  11. Клуб төрағасы, хатшысы және мүшелері этносаралық қатынастар саласында белгілі журналистердің, БАҚ редакторларының, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің ішінен ашық дауысқа салу арқылы дауыстың жалпы көпшілігімен мерзімі бір жылға сайланады.
  12. Облыста этносаралық және конфессияаралық келісімді, патриотизмді және рухани мәдени қауымдастықты сақтау жөніндегі мәселелерді кеңінен жариялайтын, Қарағанды  облысының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес тіркелген облыстың БАҚ басшылары, бас редакторлары, облыстық, аудандық, қалалық БАҚ тілшілері Клуб мүшелері бола алады.
  13. Клубтың қызметін ұйымдастыру

Клуб  Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының ұйғарымымен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

  1. Клубтың шешімі ұсыным түрінде қабылданады.
  2. Клубтың отырыстары қажеттілігі бойынша өтеді, тек бір жылда 2 отырыстан кем өткізілмейді.
  3.  Егер Клуб мүшелері жалпы санының жартысынан көбі қатысып отырған болса, Клуб отырысы заңды түрде өткізіледі.
  4.  Шешімдер ашық дауысқа салу арқылы Клуб отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы көпшілігінің даусымен қабылданады. Дауыстардың тепе-теңдігі кезінде төрағаның даусы шешуші болып табылады.
  5.  Клуб төрағасы:
  6. Жалпы басқаруды және Клубтың қызметін үйлестіреді, Клуб отырысында төрағалық етеді;
  7. Клуб қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді және оның жұмысын ұйымдастырады;
  8. Клуб қызметін жоспарлауды жүргізеді, отырыстарын өткізеді, ұйымдастырылған конференциялар, пікір-сайыстар және тағы да басқа шаралардың жұмысын басқарады;
  9. Клуб құзыретіндегі мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарымен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
  10. Клуб хатшысы:
  11. Клубтың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, оның отырыстарының хаттамасын жүргізеді, Клуб отырыстарына жұмыс материалдарын дайындайды;
  12. Клубтың жұмыс жоспарының жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
  13. Клуб мүшелеріне отырыстың өткізілетіндігін хабарлайды, оның жұмысына қажетті материалдарға сұраныс жасайды.
  14. Клуб мүшелері:
  15. Клубтың барлық түрдегі қызметіне қатысуға;
  16. Клубтың құзыреті шеңберінде  талқыланатын мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға, өз көзқарасын білдіруге;
  17. Клубтың қызметіне байланысты мәселелер бойынша Ассамблеядағы мәліметтер қорымен белгіленген тәртіпке пайдалануға;
  18. Клубтың қызметін жетілдіруге ықпал жасауға құқылы.
  19. Клуб жұмысы Қарағанды облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының тапсырмалары ескеріле отырып, ағымды және алдағы уақытқа дайындалған жоспарлардың негізінде іске асады. Жұмыс жоспары  Клубтың отырысында бекітіледі.
  20.  Ассамблея Хатшылығы Клубтың жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілетін талдау және сараптау жұмыстары үшін ниеттес ұйымдар мен мамандарды, оның ішінде келісімшарт негізінде тартуға құқылы.
  21.  Клуб төрағасының тапсырмасы бойынша өкілетті және мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен Клуб мүшелері Қазақстан Республикасы аумағы бойынша, сонымен қатар шет елдерге бюджеттік бағдарламалармен осы мақсатқа қарастырылған қаражат есебінен, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іссапарға шығуына болады.
  22.  Клуб өзінің қызметіне Клуб мүшесі емес, сонымен қатар шетелдік журналистер мен сарапшыларды тартуға мүмкіндігі бар.
  23.  Клуб жұмысының нәтижесі бойынша өткен жылдың есебі дайындалып, ол Клуб отырысында бекітіледі.

Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru