ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды Үйлестіру кеңесінің
ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ереже

Қарағанды ​​облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қарағанды ​​облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
Кеңестің құрамы 18 ден 31 жасқа дейінгі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралады.
Кеңестің құрамын Қарағанды ​​облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бекітеді.
Кеңестің төрағасын Қарағанды ​​облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері оның отырысында сайлайды.  
 Кеңес төрағасы Қарағанды ​​облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің құрамына кіреді.  
 
Кеңестің міндеттері мен функциялары
 
Кеңестің негізгі міндеті мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік қағидатында қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, өзге де бірлестіктерді шоғырландыру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бірыңғай тәсілдерді әзірлеу, Мәңгілік Ел жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу болып табылады. 
2.2.    Кеңес келесідегідей функцияларды орындайды:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған жастар бастамаларын, әлеуметтік мәні бар жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;  
 
- жастардың проблемаларын шешуде, олардың мүдделерін қорғаудың жағдайларын және механизмдерін жасауға бағытталған аймақтағы жастардың күш-қуатын және әлеуетін біріктіру;
- жастарды жаңа қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, келісім мен төзімділік рухында тәрбиелеу;
- қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласында мемлекеттік саясатты насихаттау және іске асыруға жастар бірлестіктерін тарту; 
-тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін сақтауға жәрдемдесу;
- Ұлт Көшбасшысының бастамаларын қолдау;
- жергілікті жерлерде қайырымдылықты, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамытуға жәрдемдесу. 
 
Кеңестің өкілеттігі
 
Кеңес өз құзыреті шегінде:
- мемлекеттік органдардан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес отырыстарында мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
Кеңестің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жұмыс топтарын және  комиссияларды құруға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға.
 
Кеңестің қызметін ұйымдастыру
 
4.1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
4.2. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
4.3. Кеңестің шешімдері жиналысқа қатысқан мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Егер Кеңес мүшелерінің дауысы тең болса, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. 
4.4. Кеңес мәжілістерінде Кеңестің құрамына кірмейтін лауазымды тұлғалар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
4.5. Кеңестің төрағасы:
- Кеңестің қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;
- күн тәртібін анықтайды және Кеңес отырысының хаттамасына қол қояды.
4.6. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасары атқарады.   
4.7. Кеңес хатшысы:
- Кеңес мүшелерін оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етеді; 
- Кеңестің отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
- Кеңес отырысының хаттамасын жасайды;
- Кеңес төрағасына өзі қабылдаған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы оның мүшелері дайындаған есептерді ұсынады;
- Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды. 
4.8. Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қарағанды облысы Кеңесінің жұмысшы органы болып табылады.
4.9. Кеңестің жұмыс органы:
- Кеңестің қызметіне ақпараттық-сараптамалық қолдау көрсетеді;
- Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
- Кеңестің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

4.10. Жергілікті атқарушы органдар Кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға қолғабыс етеді. 


Вернуться назад


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қалай бағалайсыз?
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru