Жаңалықтар
2016 жылдың қазан және қараша айларында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы мен «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік медицина университетінің қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.
«Wiedergeburt» неміс орталығы мен неміс жастарының клубы баршаларыңызды 20 қараша күні сағат 12.00-де Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша өтетін Шеберлер жәрмеңкесіне шақырады.
2016 жылдың 18 қарашасында сағат 12.00-де Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Польша Республикасының Елшілігі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және «Полония» Қарағанды облыстық поляктар қоғамымен бірлесіп атақты поляк жазушысы Генрик Сенкевичке арналған поляк, қазақ және орыс тілдеріндегі VI Үлкен диктант өткізеді.
3 қараша күні Достық үйінің конференц-залында «Тәуелсіз Қазақстан» пойыз мүшелерінің қатысуымен Қоғамдық келісім кеңесінің қабылдауы өтті. Іс-шара барысында штаб құрамы мен Кеңес мүшелері әлеуметтің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Пойыз құрамының бір бөлігі кеңес қызметің жүзеге асырып жатқанда, ақпараттық-насихаттық пойыздың екінші бөлігі акцияның негізгі тақырыптарын ашу үшін бірқатар іс-шаралар өткізді.
Қараша айының алғашқы күнінде түскі 13.00-де Астана қаласының теміржол вокзалынан шыққан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қарағанды қаласына кешкі сағат жетіде ат басын тіреді.
2016 жылдың 26 қазанында Көкшетау қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
18 қазан – Қазақстан қоғамында берік орныққан рухани келісім мен халқымыздың мәдени дамуындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа жетелейтін күн. 1992 жылғы қазан айында Алматы қаласында Рухани келісімнің бірінші конгресін өткізуде Елбасының рөлі ерекше.
9 қазан күні «Шалқыма» концерт залында дәстүрлі «Чак-чак party» мерекесі өтті. Биыл бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ұштасты.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын жастар құрайды» қатысуға шақырамыз!