Жаңалықтар
Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұловтың қатысуымен Халықаралық отбасы күні мерекесіне арналған «Мерейлі отбасы» атты іс-шара өтті.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым ету үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әскери қызметшілер, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері мен тұрғындар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мерекелік шараны Қарағанды облысы ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және қала тұрғындары тамашалады.
Отырыс модераторы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қарағанды медициналық университетінің профессоры Молотов-Лучанский Вилен Борисович ҚХА кезекті XXХІI сессиясында қарастырылған мәселелерге қысқаша шолу жасап, алдағы келе жатқан Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, ҚХА құрылымдарының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы және қоғам белсенділері этносаралық келісімді нығайту және толерантты қоғам құрудың жаңаша жолдарын талқылады.
Іс-шара елдің табысы мен өркендеуі үшін барлық адамдардың бірлігінің маңыздылығын көрсету мақсатында өтті.