Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні «Келісім» әлеуметтік жобасының аясында Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімінің және Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелі іс-шара өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, халық композиторларының мұрасы мен шығармашылықтарын насихаттау, дәстүрлі ән орындаушылыардың музыкалық сауаттылығын, ән орындау мәдениеті мен кәсіби шеберлігін арттыру, ел ішінен жаңа таланттарды анықтау мақсатында 2017 жылдың 20 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Әсет Найманбаевтың 150 жылдық мерей тойына орай «Інжу-маржан» атты аймақтық байқау ұйымдастырылды.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кәрістердің Қазақстанда мекен етіп келе жатқанына 80 жыл толуына және Қазақстан мен Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай «Қазақстан кәрістері» фотокөрмесінің ашылуы болды.
2017 жылдың 22 желтоқсаны күні Е.А.Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық бағдарламасын іске асыру мақсатында «Ұлт болашағы рухани жаңғыруда» атты жас зерттеушілердің Республикалық IV Құрылтайы өтті.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні облыстық прокуратурада Елбасының тапсырмаларын орындау аясында және халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы және облыстық прокуратура арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Достық үйінде Қарағанды облыстық бірлестігі «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігінің жанындағы «Grashüpfer» жастар театр студиясының қойылымы өтті.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ерқара Балқараұлы Аймағамбетовтың төрағалығымен Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Достық үйінің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды облыстық бірлестігі «Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Полония» облыстық поляк қоғамымен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – таңның нұры» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы филиалының» бастамасымен мерекелік концерт өтті.
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан халқының достық, бірлік және біртұтастығын паш еткен фестиваль жалауын көтерді.