Жаңалықтар



Президент ҚХА XXIX сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды 25 Наурыз 2021

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Akorda.kz сайты
 

19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні 19 Наурыз 2021

Наурызды тойлау декадасының бұл күні ұлттық спортқа арналады. Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ ұйымдастырылады.

Қарағандылық жас ассамблеялықтар қазақ ұлттық киімдерінің үлгісін көрсетті 18 Наурыз 2021

Әр ұлт туралы, олардың тарихы, ерекшеліктері туралы көп нәрсені ұлттық киім арқылы  білуге болады.  Қазақ халқы ұлттық  киімдерін бірнеше ғасыр бойы өзгертпестен сақтап келеді, олардың қоғамда алатын орны да ерекше.

Достық үйінде Медиа орталық ашылды 17 Наурыз 2021

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында  Қарағанды қаласының Достық үйінде Медиа орталық ашылды.

16 наурыз - Шежіре күні 16 Наурыз 2021

Қазақ - ата тек, шежіре - бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе. 

15 наурыз- Жайлау күні 15 Наурыз 2021

Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұлыстың ұлы күнінде ел-жұрт бірімен-бірі емін-еркін әңгіме құрып, үлкендер қауқылдасып жататын.

Қарағандыда жас медиаторлар қатысқан шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылды 09 Наурыз 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Медиация туралы» Заңның 10 жылдығына орай қашықтықтан ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдарында дау-дамайсыз өзара қарым-қатынас орнату, коммуникация дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау, түрлі сипаттағы дауларды шешуде медиацияның құндылықтарына назар аудару және оқушыларды ерте бастан кәсіби бағдарлау.
 

Қарағанды техникалық университеті мен Қарағанды облысының ҚХА ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 01 Наурыз 2021

Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" өңірлік штабының бірлескен филиалы ашылды.

Қарағандыда Ассамблея мүшелері "Қазақ еліне мың алғыс" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды 01 Наурыз 2021

1 наурыз Алғыс айту күні Қарағандыда "Қазақ еліне мың алғыс" ескерткіш белгісіне гүл шоқтары қойылды. Каскад алаңында, ескерткіштің жанында ҚХА, этномәдени бірлестіктер, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының мүшелері мен еріктілер жиналды.

Қарағандыда Алғыс айту күніне орай жүзден аса шара өткізілмек 22 Ақпан 2021

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Қарағандының Достық үйінде облыстық Ассамблея мүшелері бас қосты. Іс-шара барысында өңірдің барлық елді-мекендерінде Алғыс айту күнін атап өтуге арналған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдары мүшелерінің, жастардың қатысуымен 100-ден астам іс-шара жоспарланып, бастау алғаны айтылды.

 

Страницы: 123456789

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru