Жаңалықтар



"Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасы іске асуда 20 Сәуір 2022

Қарағанды облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен "Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасы аясында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "Студенттер үйі" студенттерімен "Ұлт тәрбиесі - қыз тәрбиесінен басталады" тақырыбына байланысты кездесу өтті.

Надежда Никульча:Қатарымнан қалмас үшін қазақ тілін бір жылда меңгердім 12 Сәуір 2022

Надежда Никульча Абай қаласындағы №10 мектеп-гимназиясында орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Ұлты - молдован. Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылының тумасы

Президент бастамаларын қолдау міндетіміз 01 Сәуір 2022

Қарағанды қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы және алдағы ҚХА сессиясының ұйымдастыру жұмыстары қарастырылды.

Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесері 01 Сәуір 2022

Достық үйінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастыруымен «Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» атты кітаптың тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. З. Сақтағанованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Мустояпованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры Ж. Ибраимованың, Ғ. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ассистент-профессоры Л. Харитонованың баяндамалары тыңдалды.

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты облыстық ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ 25 Наурыз 2022
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты облыстық ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
«Мемлекеттік рәміздер - әрбір қазақстандықтың мақтанышы» тақырыбында бейнеролик
Тарихи сәттің куәсіміз 17 Наурыз 2022

Бүгін Қазақстан халқы тағатсыз күткен тарихи сәттің куәсі болдық. Табиғат-Ананың бусанып, дүние атаулы жаңарар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстан мемлекеті де жаңару дәуіріне қадам басып отыр. Бағдарымызды айқындап, бақытымызды еселейтін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ұзақ мерзімді қамтыған тарихи құжат болғандығына көзіміз анық жетті. Мемлекеттің тұтастығы мен ұлтымыздың құндылықтарын сақтап қалу үшін мызғымас бірліктің маңыздылығына тоқталып, кешегі қаңтар қасіретінің қатерін ой елегінен өткізе сөз сабақтаған Мемлекет басшысы өз ұстанымындағы тарихи жауапкершіліктің салмағын айқын аңғартты.

Жүрек жылуы 05 Наурыз 2022

"Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері Әлихан Бөкейханов атындағы ауданада орналасқан "Добро " жеке меншік қарттар үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған "Жүрегіміздің жылуы" атты шағын мерекелік концерт өткізді.

Алғыс айту-парыз 03 Наурыз 2022

Жақсылыққа жол ашатын, адамға қуаныш сыйлайтын дәстүр-алғыс айту. Мұндай жоралғыны жасау баршамызға парыз саналады.  Қарағандылықтар ұйымдастырған   биылғы алғыс айту күні «Алғысым саған, Отаным-туған елім» деп аталды.

«Ассамблея жастары» және «Жас Отан» арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды 22 Ақпан 2022
«Ассамблея жастары» РҚБ Қарағанды облысындағы Өкілдігі «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты облыстың жастар қозғалысын дамыту, жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Ассамблея Жастары 2.0 21 Ақпан 2022

Достық үйінде облыстық Ассамблея жастарының нетворкингі өтті. 2021 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтанда "Ассамблея жастары" Республикалық қоғамдық бірлестігі тіркелді, ал 2022 жылдың қаңтар айында осы бірлестіктің Өкілдігі Қарағанды облысында да тіркелді.

Страницы: 1234567

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru