Жаңалықтар



Бүгін Достық үйінде «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты домбырашылардың облыстық байқауы өтті 27 Шілде 2022

 Байқауға ұлттық аспабымыз домбырада ойнай алатын этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, домбырамен күмбірлете күй төкті.  Облыстық байқау этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін білу және еліміздегі ұлттық бірегейлікті сақтап, мәдени мұраны танымал ету мақсатында ұйымдастырылған

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ләззат Таймырқызы және ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Исбекова Айгерім Әуезқызы, Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Қиясова Айжан Казимирқызы Саран қаласында көпбалалы аналармен кездесу өткізді 21 Шілде 2022
 
Еркін форматта өткен жиында Саран қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, аналарға өз ісін ашуға көмек  көрсету мәселелері талқыланып, мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттері түсіндірілді.
Домбыра күні туған нәрестелерге домбыра сыйланды 04 Шілде 2022

Шілденің алғашқы жексенбісі "Ұлттық домбыра күні" болып бекігені баршаңызға аян. ҚХА да бұл күннің айрықша аталып өтуіне аса мән береді. Атаулы күні дүние есігін алғаш ашқан үш сәбиге ҚХА атынан облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Молотов-Лучанский Вилен Борисович қазақы ырыммен домбыра тарту етті.

Достық үйінде «Ісмер» ұлттық қолөнер шеберлері клубы ашылды 01 Шілде 2022
Ашылу салтанатында қызыл лента қию құрметі облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Молотов-Лучанский Вилен Борисович пен ҚХА облыстық Аналар кеңесінің құрметті мүшесі Төлеуханова Күліш Төлеуханқызына тиді. Сондай-ақ салтанатты шараға  ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Алтынбеков Б.Қ., облыс әкімі аппаратының этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық келісім сұрақтары   бойынша бас инспекторы Рымбекова Г.С,Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Исбекова А.Ә., ҚХА облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Л.Т., ҚХА облыстық Аналар кеңесінің құрметті мүшелері 
Исина В., Башай М., Нұр-Сұлтан қаласының іргетасын қалауға қатысқан қаламыздың құрметті құрылысшылары  Корж В.А. және Госман В.А. қатысты. 
Бүгін Достық үйінде облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті 21 Маусым 2022

Күн тәртібінде ҚХА республикалық Аналар кеңесінің отырысында қойылған міндеттерді іске асыру, Ақтоғай аудандық Аналар кеңесінің атқарған шараларына талдау жасау және облыстық Аналар кеңесінің осы жылғы жұмыс жоспарын талқылау арқылы, негізгі басымдықтарын белгілеу мәселелері қамтылды.

Бүгін Достық үйінде облыстық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті. 08 Маусым 2022

Отырысқа басқа аудандар мен қалалардан қатысушылар бейне байланыс жүйесі арқылы қосылып қатысты. Күн тәртібінде ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа құрамын бекіту мәселелері қарастырылды.

Осакаровка ауданында қыз-келіншектерге арналған жиын өтті 19 Мамыр 2022

Осакаровка ауданындағы әйелдер қауымына көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы туралыөз кәсіпкерлігін ашуы жайында Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ләззат Таймырқызы және “Қарағанды облысы іскер әйелдері қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әбілдина Шолпан Шамшіқызы жиын өткізді

Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласының тұрғындарымен кездесті 17 Мамыр 2022

Халық арасында референдум бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласында кездесулер өткізді. Алғашқы кездесу Саран қаласының мәдениет үйінде қала жұртшылығымен орын алды. Кездесу барысында Мәжіліс Парламентінің депутаты референдум өткізу әрбір қазақстандыққа елдің болашақ тағдырын шешуге жеке өзі қатысуға және жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Шамиль Осин Бұқар жырау ауданы жұртшылығымен кездесті 14 Мамыр 2022

Өздерініз білетіндей президент Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Республикалық референдум өтетінін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайлы үкімге қол қойған болатын. Осыған орай бүгін 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының  Мәжіліс Парламент депутаты  Осин Шамиль Абзалетдинович Бұқар жырау ауданына іс-сапарымен барып, аудан орталығы Ботақара ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері туралы айтылып, елдегі саяси реформалардың және жалпыхалықтық референдум өткізудің маңыздылығы атап өтілді. 

Страницы: 123456

Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru