Жаңалықтар
Заманауи қоғамға – заманауи мемлекет
13 тамызда Ақтас кентінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы Күзембаев атындағы шахта жұмыскерлері, ардагер кеншілер және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысқан «Барлығына арналған заманауи заман» тақырыбында мәжіліс өткізді.
13 тамызда Ақтас кентінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы Күзембаев атындағы шахта жұмыскерлері, ардагер кеншілер және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысқан «Барлығына арналған заманауи заман» тақырыбында мәжіліс өткізді.
Мемлекетіміздің ең басты стратегиялық құжаты – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ақпараттық-насихаттау аясында өткізілген отырыс барысында Қарағанды облысы КХА Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын сөз сөйледі.
Бес институционалды реформаның әр бағытын жік-жігімен түсіндіре келе: «Қазақстан – бейбітшілік, келісім және толеранттылық идеясын белсенді дәріптеп келе жатқан үдемелі даму үстіндегі мемлекет. Ұлт жоспарындағы ұлтаралық келісімді нығайту бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бұдан әрі де жалғасын табады. Бұл бағыттағы нақты міндеттер ұлт бірлігі мен казақстандық бірізділікті қалыптастыруға арналған төртінші реформада айқындалған», - деп атап өтті облыстық Хатшылық басшысы.
Отыз дамыған елдің құрамына кірер баспалдақты қамтамасыз ететін мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бірегей реформасындағы мақсатты идеяларға жиын қатысушыларымен бірге «Россиянка» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ю. Яковлева мен Күзембаев атындағы шахта директорының орынбасары М. Базилов та біраузыдан қолдау көрсететіндерін жеткізді.
Отырыстың қорытындысы бойынша, барлық қатысушылар тарапынан еліміздің игілігі, татулығы, бірлігі, бейбітшілігі жолында Ұлт жоспарының аймақ бойынша толықтай жүзеге асуына алдағы уақытта жұмыла жұмыс атқаруға ниет білдірді.
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp:: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com