Жаңалықтар
«Сабантуй» мерекесі – бейбітшілік пен келісім күні
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Мәдениет үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 жылдығы аясында «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени ұйымы «Сабантуй» дәстүрлі халық мерекесін өткізді.
Аталмыш мейрамды ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсеткен Сәтбаев қаласының әкімдігі.
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы Мәдениет үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 жылдығы аясында «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени ұйымы «Сабантуй» дәстүрлі халық мерекесін өткізді.
Аталмыш мейрамды ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсеткен Сәтбаев қаласының әкімдігі.
«Сабантуй» мерекесін тойлауға қала әкімі Әнуар Омар, өңірдегі ҚХА жетекшісі – Зинаида Чумакова, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім бастығы Александр Урмашов және басқа да этномәдени ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Ұлттық мерекені тойлау үлкен флэш-мобтан басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, нағыз мерекелік атмосфераны жеткізу үшін ұйымдастырушылар жұмыла қызмет етті. Татар халықтық әндері орындалып, әсерлі дәстүрлі билер биленді. Әсіресе, дене тәрбиесін дәріптеп қана қоймай, татар-башқұрт ұлтының ұлттық ерекшеліктерін паш ететін ұлттық ойындар көрерменнің қызығына бөленді.
Мерекеге қатысушылар арасында сондай бір ұлттық ойынның бірі – «Куреш» ойнатылды.
Қала әкімі Әнуар Омар өз сөз сөйлеуінде «Дуслык» татар-башқұрт орталығын азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда белсенді жұмыс істеп атқарып жатқандары үшін үлкен алғысын білдірді.
Жергілікті ҚХА төрайымы – Зинаида Чумакова Ассамблеяның елдегі тұрақтылық пен бірауызды бірлікті нығайтудағы қызметтерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ бөлім бастығы Александр Урмашов барлық этномәдени ұйымдардың бірлесе әрекет етуінің арқасында әрі қарай дамып, қоғамда рухани құндылықтарды құру мен насихаттауда жұмыстарының алға баса беруіне тілектес екенін айтып кетті. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық «Ихлас» татар-башқұрт орталығының жетекшісі Анвар Керейбаевтың алғыс хатын оқып, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік концерттің соңы Париж және Мәскеу қалаларында өткізілген көптеген халықаралық фестивальдердің лауреаты Анита Гатиятованың орындауындағы әнмен татар-башқұрт этномәдени ұйымының мүшелері сахна төріне шығып, жарқыраған отшашу ұйымдастырды.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com