Жаңалықтар
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «FASHION HOUSE KARAGANDA-2015» БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ
Тамыздың 6-сында «Чайка» конақүй кешенінде болып өткен «FASHION HOUSE KARAGANDA-2015» байқауы қатысушыларға нағыз мереке сыйлады.
Тамыздың 6-сында «Чайка» конақүй кешенінде болып өткен «FASHION HOUSE KARAGANDA-2015» байқауы қатысушыларға нағыз мереке сыйлады.
Әділ-қазылар алқасының құрамында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар Кеңесінің төрайымы – Салима Нурмағамбетова, FASHION HOUSE INTERNATIONAL & WORLD BEATY халықаралық жас модельдер, таланттар мен дизайнерлер байқауының ресми өкілі – Татьяна Грибанова, «Новое Телевидение» телеарнасындағы «Три товарища» бағдарламасының жүргізушісі – Евгения Смехова, Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім жетекшісі Александр Урмашов болды. Жобаның бас демеушісі – «Играйка» ойыншықтар әлемінің директоры Наталья Дараган.
Іріктеуден 4-14 жас аралығындағы 13 бүлдіршін өтіпті. Байқаудың негізгі бағдарламасы 4 басты сынақтардан құралған. Көрермендердің назарын аударып, керемет әсер қалдырғаны – ұлттық киімдердің көрсетілуі. Бұдан бөлек, қатысушылар өздерінің шығармашылық таланттарын да паш етті: эстрадалық және халық әндерін орындады, заманауи билерді биледі. Қонақтар мен ата-аналар кішкентай балапандардың үлкен ынта-ықыласына дән риза болды.
Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушы балаларды 21 номинация бойынша марапаттады. Оның ішінде «Ең үздік әнші», «Ең үздік биші», «Ең үздік актер» және көптеген басқалары. «Ең үздік этникалық костюм» номинациясы бойынша үндістердің ұлттық киімін ұсынған Даша Туманова жеңімпаз атанды. Облыстық Ассамблея мен Қарағанды облыстық әкімдігі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан Салима Нурмагамбетова мен Александр Урмашов өз сыйлықтарын табыс етті.
Даяна Оразбекова мен Альмира Гуреева Мәскеуде өтетін «Юная Мисс России-2015» байқауына жолдама алса, Даяна Алькеева Вьетнамда өтетін сән байқауында Қарағандының намысын қорғайтын болады.
Барлық әділ-қазылар өз аттарынан номинация жеңімпаздарына арнайы сыйлықтарды ұсынды. Олардың ішінде актерлік шеберлікті жетілдіретін және шет тілдерін үйретуге арналған бір жылдық тегін сертификаттарды табыс етті. Бұдан бөлек, республика көлемінде жарық көретін журналдарда қатысушының портфолиосы жарық көреді.
Аталмыш жоба қаланың кішкентай тұрғыгдары үшін дәстүрге айналды. Жыл сайын кезекті сыннан сүрінбей өтуге қызу дайындықты әзірден бастап кетті.
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел.,WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com