Жаңалықтар
ДОСТЫҚҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Осы күндері Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің көрмесі өтуде.
Осы күндері Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің көрмесі өтуде. Бұл көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Оны ұйымдастырушы «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Андрей Ивершин. Идея авторы – Кемерово қаласында тұратын ресейлік суретші А.Ивершин Евразиялық одақ елдеріне енетін Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері суретшілерінің туындыларын осы көрмеге жинастырған. Көрменің мақсаты – үш елдің суретшілерін шығармашылық тұрғыда біріктіру арқылы халықтар арасындағы достықты нығайта түсу.
- Бұл біздің Қарағандыға екінші рет келуіміз, - деді Андрей Ивершин көрменің ашылуында сөз сөйлеген кезінде. – Бұдан бұрын Кузбастың жас суретшілерінің туындыларын әкеліп, көрме ұйымдастырған едік. Міне, Ресей, Қазақстан, Беларус елдерінің қыл қалам шеберлерінің 50-ден астам суреттерін алып келдік. Сонымен қатар, бұл туындылар осында Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында қалады. Оны қорға тапсырып отырамыз. Біздерді қонақжайлықпен қарсы алды, көрме үшін әдемі зал берілді. Сол үшін мұражай директоры Бибігүл Құдабаева және оның ұжымына зор ризашылық білдіремін. Болашақта да осындай көрмелермен алмасып, Кемерово мен Қарағанды қалалары арасында достық нығая берсін, - деп Андрей Николаевич сөзін тәмамдады.
Көрме экспозициясында Алматы, Қарағанды Новосибирск, Кемерово, Красноярск, Омск, Барнаул және Санкт-Петербург қалаларының әртүрлі тәсілмен салған суреттері бар. Олардың тақырыбы да сан алуан. Көбіне туған жер табиғаты, қала суреті, замандастар бейнесі тәрізді болып келеді. Әр суретшінің өз техникасы бар. Мысалы, Красноярск суретшісі Анна Гирич литография техникасын колданса, Кемероволық қыл қалам шебері Татьяна Ашаева мен Санкт-Петербург суретшісі Алина Дацюк ксиллография мен пластика техникасын шебер меңгерген. Туындылардың жарлары да әртүрлі. Айталық, Новосибировск қаласының белгілі суретшісі, осындағы бейнелеу өнері институтының профессоры Александр Кучерявенко көрермен назарына көмір және қарындашпен салған суреттерін ұсынған. Ал Кемероволық Андрей Ивершин мен Кузбасс суретшісі Андрей Ковригин майлы бояумен салған пейзаждарын әкелген. Алматылық Тоғжан Құттығаева шығармасы абстракция жанрында болса, белорусиялық суретші Инна Гонгарова теріге салынған пано әкеліпті. Көрмеден Кемерово қаласының суретшісі Юрий Демаковтың көпфигуралы графикалық композициясын да көруге болады. Көрмеге қойылған 50-ден астам өнер туындылары Қарағанды бейнелеу өнері музейінің қорын ьолықтырып, көрермен көзайымына айналатын шығармалар қатарына қосылды.
«Содружество» халықаралық шығармашылық бірлесітігі ұйымдастырған көрменің ашылу сәтінде Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Бибігүл Құдабаева сөз сөйлеп, мұндай екі ел арасындағы достық байланыс, рухани ынтымақтастық одан әрі жалғаса береді деп сенім білдірді. Ең бастычы – Еуразиялық одақ иелері тек эконмикалық алыс-берісті ғана емес, мәдени қарым-қатынасты да жандандыра түсуі маңызды. Сонда мемлекеттер арасындағы байланыс, рухани туыстық одан әрі нығая бермек. Сондай себептен бұл көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com