Жаңалықтар
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен журналистерге арналған «Қоғам тынысы» байқауы өз мәресіне жетті
Облысымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қоғам тынысы» этножурналистика байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Республика күнін тойлау мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Ұлтаралық достықты насихаттай отырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі қашанда жоғары.
Байқауымыздың шымылдығын Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Адепбеков Ұлан Бағдатұлы ашып берді. Бұқаралық ақпарат өкілдеріне ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ляззат Таймырқызы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы Ғалым Қасымхан Бүркітұлы және «Сарыарқа» телеарнасының дыбыс режиссёрі, бейнемонтажері Ракишева Айнұр Бексұлтанқызы қазылық еткен байқау келесі номинациялар бойынша лайықты жеңімпаздарды анықтады.
*«Мекенім Қазақстан» аталымында (еліміз жайлы этнос өкілінің түсірген видео контенті) - «Сарыарқа»телеарнасының суретші-декораторы Ольга Петровна,
«Мейірімділік әлемді құтқарады!» аталымында (қайырымдылық жасау, көмек беру жөнінде жарияланған материал)- кәсіби видеограф Аманкелді Әлихан Бекзадаұлы,
«Қазақшаң қалай?» («Мәміле» тіл клубы, оның оқушылары жайлы арнайы ролик) - «Мәміле» тіл үйрену клубының мүшесі Елена Нохрина,
«History of my country» аталымында (Менің елімнің тарихы, еліміздің тариъхынан сыр шертетін видео контент)- Мамыраев атындағы ЖОББ мектебінің 4 сынып оқушысы, жас блогер Гүлбаһрам Балтабай,
«Үздік әлеуметтік ролик» аталымында - Life 09 ақпарат агенттігі
«Қоғамдық келісім мен бірлік тақырыбындағы үздік материал» аталымында - «Saryarqa ақпарат» журналисі Айсұлтан Жақыпов Мұхамедияұлы,
«Этно-тағам» аталымында (елімізді мекендейтін этнос өкілдерінің ұлттық астарның қалай даярлайтынын басынан аяғына дейін түсіндіре отырып жасалған видео-контент) - «Сарыарқа» телеарнасының журналисі Айдана Бегқали,
«My love Kazakhstan» үздік фотосурет (әлеуметтік желілерде жарияланған фоторепортаж) - кәсіби фотограф Сайлаубеков Әли,
«Үздік блогер» (тақырыпқа сай мәселелерді үнемі көтеріп жүретін, контентіне қосып жүретін блогер) - Омарханов Бахтияр,
«Белсенді блогер» номинациясында - Таңатар Айдана лайықты жүлделерін алды.
Бұған қоса конкурсқа белсене қатысқаны үшін «Суайчыннікі» белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы Асадчая Зинаида Ивановнаға алғыс хат табысталды.
Байқаудың «Жыл таңдауы» атты бас жүлдесін газет бетіне жарияланған үздік мақаласы үшін - облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Фомина Наталья Андреевна иеленді.