Жаңалықтар



БАҚ САЛАСЫНДА «ҚОҒАМ ТЫНЫСЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ


фото к новости

1.  Жалпы ережелер

1.1. БАҚ  саласында «Қоғам тынысы» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге  арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын жүзеге асыру Іс-шаралар Жоспарын (15 тармақ) орындау мақсатына сәйкес жүзеге асырылады.

 1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы - Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ;

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

 

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбындағы материалдарды насихаттап жүрген журналистерді және блогерлерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың, БАҚ  дамуына жәрдемдесу.

2.2. Конкурстың міндеттері:

1)  Бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға жәрдемдесетін бағдарламалар мен материалдарды дәріптеу;

2) ақпараттық кеңістікте көпэтносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық  үлгілерін ілгерілету;

3) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

4) БАҚ-тағы қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік мәселелеріне арналған публицистикалық материалдардың сапасын арттыру; 

5) қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ-тың рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

 

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2.  Әр қатысушы тек 1 (бір) өтінім бере алады.

 

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс ұйымдастырушысы  конкурс бойынша  жалпы басшылықты жүзеге асырады.           

4.2. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді(өтетін күнін, уақытын өзгерту т.с.с.);

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

- http://kelisim.kz/ сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.3. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.4. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

 

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2022 жылғы 15-қаңтардан 30-қыркүйеккке дейін БАҚ-та,  оның  ішінде,  этномәдени бірлестіктердің  сайттарында,  интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле-радиобағдарламалар қабылданады.

 

 

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

 -  «Жыл таңдауы»  газет бетіне жарияланған үздік мақала

- «Үздік блогер»  тақырыпқа сай мәселелерді үнемі көтеріп жүретін, контентіне қосып жүретін блогер

- «Белсенді блогер» - конкурсқа қатысқан блогерлердің ішінен таңдалып алынады.

- «Этно - тағам» елімізді мекендейтін этнос өкілдерінің ұлттық астарының қалай даярлайтынын басынан аяғына дейін түсіндіре отырып жасалған видео контент.

- «Қоғамдық келісім мен бірлік тақырыбындағы үздік материал»

-  «My Love Kazakstan» үздік фотосурет (әлеуметтік желілерде жарияланған фоторепортаж. Фотореп тек бір фотодан тұрмайтынын ескеріңіз)

-   History of my country («Менің елімнің тарихы» еліміздің тарихынан сыр шертетін видеоконтент)

- «Қазақшаң қалай?» «Мәміле» тіл клубы, оның оқушылары жайлы арнайы ролик.

-  «Мейірімділік әлемді құтқарады!»  қайырымдылық жасау, көмек беру жөнінде жарияланған материал.

-  «Мекенім Қазақстан» еліміз жайлы этнос өкілінің түсірген видео контенті.

 

5.3. Конкурстың  бірінші кезеңіне қатысу үшін:

-  қатысушылар «Қоғамдық келісім»  КММ-іне 2022  жылғы  15-қаңтардан бастап 30-қыркүйекке дейін жарияланған конкурстық жұмыстарды өтінім бере алады. Конкурсқа құжат қабылдау қазан айының 5-жұлдызында аяқталады.

5.4. Байқаудың қорытындысы және үздік шығармаларды марапаттау 2022 жылдың 21-қазанында жоспарланған.

 5.5. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың жарияланған мерзімі аяқталғаннан кейін (құжаттар қазан айының 10-жұлдызына дейін қабылданады) немесе Конкурс талаптарына қайшы келетін Конкурсты ұйымдастырушыға берілген өтінімдер қарастырылмайды.

5.6. Байқауға жіберілген материалдар  кері қайтарылмайды.

 

6. Конкурстық іріктеудің критерийлері:

1)  материалдың конкурс тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

2)  мәлімделген номинациядағы тақырыптың  толық ашылуы;

3)  автордың шығармашылық көзқарасы, материал беру ерекшелігі;

4)  материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы;

5)  автор көтерген мәселелердің қоғамдық маңызы.

 

7. Конкурстық өтінімді рәсімдеу талаптары:

7.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру оған конкурсқа қатысушы автордың осы Ережеде көзделген  талаптармен және шарттармен келіскенін білдіреді.

7.2. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде міндетті түрде болуы керек:

- үміткер осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес нысанда толтырған өтініш;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін растайтын қосымша құжаттар.

Бір номинация бойынша үміткерлер саны кемінде 3 адам болуы тиіс.

7.3. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты Ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, тіркейді. Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар (баспасөз хабарламалары және т.б.) конкурсқа қабылданбайды.

 

Байланыс телефондары

8-7212-90-03-17

8-778-798-89-99

8-700-756-56-26

 

E-mail:  bqyzmet@yandex.kz

 «Қоғам тынысы»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН:

 

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

*мекен-жайы;

* аты-жөні;

* байланыс телефоны;

* жұмыс орны;

* лауазымы;

 

2. Шығармашылық құжаттарының түрлері/форматтары:

* баспа басылымдарында жарияланған материалдардың көшірмелері;

* интернет-парақтардың басып шығарылуы;

* теле-радиобағдарламалардың DVD, CD дисктерге жазылған нұсқасы.

*жарияланған сайт, әлеуметтік желілердегі сілтемелер


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru