Жаңалықтар



Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілхановтың және Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбектің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты тақырыпта Қарағанды ​​облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті


фото к новости

 Сондай-ақ, сессия жұмысына қала және аудан әкімдері,  этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен облыстық Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияда облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұлов баяндама жасады. Төрағаның орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Әзілханов М.А. өз сөзінде Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру мәселелерін атап өтті

Шара барысында атқарып жатқан жұмыстары мен жобалары жайында Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор В. Б. Молотов-Лучанский, тілдерді оқытудың жеке орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Алмагүл Игенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Елена Филинкова атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, "Ассамблея жастары" республикалық ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Жұмырбаев Тимур, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарихшы ғалымы  Жұмабеков Жамбыл, "Азамат" ҚБ төрағасы, Қарқаралы қалалық мәслихатының депутаты  Рахымбек Дәурен сөз сөйледі. Сессия спикерлері  бейбітшілік пен келісім, ұлттық құндылықтар, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық даму мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Облыс әкімі  Жеңіс Махмудұлы сессияны қорытындылай келе,  аймақтағы  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында бірқатар тапсырмаларды орындауды жүктеді. Жиын  соңында облыстық Ассамблея белсенділері Михайлиди Мария , Арыстанова Наталья , Джумурбаев Тимур, Тутинова Нұргүл,Филинкова Елена,Умалатов Иса,Бузяков Рустам,Жұмабек Бекарыс этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.  ҚХА төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Қарағанды облысының кәріс этномәдени бірлестігінің ардагері  Тен Ксения Андреевна  және облыстың Аналар кеңесінің құрметті мүшесі Нұрмағамбетова Салима Нұрмағамбетқызын 90-жас мерейтойларымен құттықтап,  ҚХА  Алғыс хатын  табыстап, иықтарына камзол жапты. Жалпы, сессия аясында Марат Әзілханов  облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің «Шаңырақ» орталығының қызметімен танысып, «Қазақша сөйлейік» мемлекеттік тілді оқыту көрмесін тамашалады. Сонымен қатар  Достық үйінде Марат Әзілхановтың Облыстың аналар кеңесі мүшелерімен, "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдерімен кездесуі өтті.   Марат Алмасұлы Достық үйінің жұмысымен танысып,  Аналар кеңесі жанындағы "Ісмер" клубында, "Мәміле" ситуациялық қазақ тілі клубында болып, клуб мүшелерімен сұхбаттасты.

 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru