Жаңалықтар
Бүгін Достық үйінде облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті
Күн тәртібінде ҚХА республикалық Аналар кеңесінің отырысында қойылған міндеттерді іске асыру, Ақтоғай аудандық Аналар кеңесінің атқарған шараларына талдау жасау және облыстық Аналар кеңесінің осы жылғы жұмыс жоспарын талқылау арқылы, негізгі басымдықтарын белгілеу мәселелері қамтылды.
Отырысқа Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Исбекова Ә.Ә., Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық Аналар кеңесінің мүшелері (аудан, қалалар), «Қарағанды облысы білім басқармасы» ММ өкілі қатысты. Күн тәртібінде ҚХА республикалық Аналар кеңесінің отырысында қойылған міндеттерді іске асыру, Ақтоғай аудандық Аналар кеңесінің атқарған шараларына талдау жасау және облыстық Аналар кеңесінің осы жылғы жұмыс жоспарын талқылау арқылы, негізгі басымдықтарын белгілеу мәселелері қамтылды. Кеңес отырысында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Aigerim Isbekova Исбекова Әйгерім Әуезқызы, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қожахметова Ләззат Таймырқызы , аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Әбдірахманова Қарлығаш Ғайнитденқызы сөз сөйледі. Айгерім Әуезқызы өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысында таныстырылған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын тиімді іске асыру бойынша үлкен міндеттер тұрғанына баса назар аударды. Сонымен қатар, Ләззат Таймырқызы басшылық етіп отырған «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының жұмысына тоқталып, орталықтың жұмысы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы Шанаи Назипа Ыдырысқызы тарапынан жоғары бағаланғанын атап өтті. Жалпы, жиын барысында кеңестің белсенді мүшелері өз пікірлерін білдіріп, тұщымды ойларымен бөлісті.