Жаңалықтар



Бүгін Достық үйінде облыстық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті.


фото к новости

Отырысқа басқа аудандар мен қалалардан қатысушылар бейне байланыс жүйесі арқылы қосылып қатысты. Күн тәртібінде ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа құрамын бекіту мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Исбекова Айгерим Ауезқызы қауымдастықтың құрамын жаңарту және алдағы қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ Кәсіпкерлер қауымдастығының бұрынғы төрағасы Тварионос Виталий Ионо атқарған қызметіне алғыс білдіріп, қатысушыларға қауымдастықтың жаңа төрағасын таныстырды. Жас кәсіпкер, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Аубакиров Нұрлан Туйжанович облыстық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының жаңа төрағасы болып тағайындалды. Айта кетсек, аталған қауымдастық қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубы ретінде 2017 жылы құрылып, күні бүгінге дейін бірталай қайырымдылық іс- шаралар мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына ұйытқы болып отыр. Ағымдағы жылы елімізде «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде бірлікті нығайту тетіктерін жетілдіру және дамытуға орай Ассамблея қызметінде ауқымды реформалар бастау алды. Сол себепті ҚХА құрылымдарын жаңғырту бағыттарының бірі Кәсіпкерлер қауымдастығын трансформациялау болып табылады.

 


Вернуться назад


Ваше мнение о качестве предоставленных государственных услуг
Мұрағат
Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»
Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru